Израиль полициясы эфиопиялық еврейлердің тағы бір үлкен шеруіне әзірленіп жатыр
Өткен тәулікте осындай акция қақтығысқа ұласып, 110 тәртіп сақшысы жараланды. Африкалықтар оларға тас атып, шөлмек лақтырған. Сонымен қатар, демонстранттар негізгі жолдарды жауып, көшеге от қойып, қауіпсіздік күштерін шабуылдады.
Наразылық акциясының басталуына бір полицейдің қызметтен тыс кезде эфиопиялық еврей жасөспірімін атып өлтіруі себепші. Сақшының айтуынша, ол Хайфа қаласында жастар арасында болған төбелесті тоқтату үшін қару қолданған.
Израиль өткен ғасырдың 80-ші жылдарының ортасы мен 90-шы жылдарының басында Африкада аштыққа ұшыраған және соғыстан жапа шеккен 20 мыңдай эфиопиялық еврейді құпия рейспен көшіріп алды. Алайда, сол африкалықтар әлі күнге дейін нәсілшілдердің кемсітуіне шағымданып келеді.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04