АҚШ президенті Дональд Трамп мигранттарға көмек көрсетуді қарастыратын заңға қол қойды
Жоба құны - 4,6 миллиард доллар. Қомақты сома Мексикамен шекарадағы босқындар орталығындағы денсаулық сақтау, тамақтану, қауіпсіздік жүйелерін реттеуге жұмсалмақ.
Бұған дейін Техаста қамауға алынған 300-ден астам мигрант-баланың нашар жағдайда өмір сүріп жатқаны белгілі болды. Ауыз сумен, азық-түлікпен жеткіліксіз мөлшерде қамтамасыз етілгендіктен, олардың көбінің денсаулығы сыр берген. Бұл жағдай қоғамның наразылығын тудырып, Конгресс гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады.
Ақ үй басшысы жаңа заңды құптағанымен, елдегі миграциялық жағдайға көңілі толмайтынын білдірді. Сондықтан, Трамп шілденің 4-нен кейін заңсыз мигранттарды анықтау бойынша рейдтерді жалғастырып, оларды еліне қайтаратынын ескертіп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Онлайн марафонға танымал спортшылар келді
23.08.2026, 17:29
Сайлауға сән берген ерекше оқиғалар
23.08.2026, 17:27
Отандастарымыз дауыс беріп жатыр
23.08.2026, 17:26
Атыраулықтардың басым бөлігі өз таңдауын жасады
23.08.2026, 17:22
Жетісулықтар да дауыс беруге лек-легімен келіп жатыр
23.08.2026, 17:19
Сайлау учаскелеріндегі Exit Poll жұмысы жалғасуда
23.08.2026, 16:16
Құрылтай сайлауы: Дауыс берушілердің жартысынан көбі таңдау жасады
23.08.2026, 16:15
Түркияда дауыс берушілер белсенді
23.08.2026, 16:13