Сайлау учаскелеріндегі Exit Poll жұмысы жалғасуда
Қарағандыда Exit Poll өкілдері дауыс берген тұрғындар арасында сауалнама жүргізіп жатыр. Жауынға қарамастан, сауалнама жүргізу жұмыстары таңнан бері үздіксіз жалғасып келеді. Таңертеңнен бері учаскелерге келушілер легі бір сәтке де бәсеңдемеген. Сауалнамаға қатысушылар өздерінің дауыс беру таңдауына қатысты сұрақтарға жасырын түрде жауап береді.
Кейін жиналған мәліметтер бойынша тұжырым жасалады. Сайлаушылар сауалнамаға қатысудан бас тартуға да құқылы. Алайда, мамандар тұрғындардың белсенділігін ерекше атап өтті.
Луиза Лагутина, Exit Poll өкілі:
Біз бір ғана қысқа сұрақ қоямыз, жауапты зерттеу әдістемесіне сәйкес тіркейміз. Экзит-полдың ерекшелігі - біз дауыс беру учаскесінен шығып, өз таңдауын жасаған азаматтардан сауалнама аламыз. Бұл учаскеде тұрғындар біздің сұрақтарға белсенді қатысып, жақсы көңіл-күймен жауап беріп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Су үнемдеу технологияларына субсидия көлемі артты
30.10.2026, 13:15
7 жылда 3,6 млн жұмыс орны ашылды
30.10.2026, 13:13
Конституция елдің саяси және құқықтық жүйесін жаңартты
30.10.2026, 13:10
Сарапшы: Жолдау мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырады
30.10.2026, 13:07
Жол инфрақұрылымын дамыту – ел дамуының кепілі
30.10.2026, 13:05
Заңгерлер Жолдауды талқылады
30.10.2026, 13:03
Жаппай улану: Ішек таяқшасы мен стафилококк анықталған
30.10.2026, 13:02
Жер қойнауын пайдаланушылар ₸1,2 млрд салық төлемеген
30.10.2026, 13:00