Жетісулықтар да дауыс беруге лек-легімен келіп жатыр
Жетісу жұрты өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдіріп жатыр. Облыста 650 мыңнан астам тұрғын бар. Оның 450 мыңға жуығы дауыс беруге құқылы. Олар үшін 468 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Солардың біріне әріптесім Нұрдәулет Сыздық та барды. Қазір ол бізбен тікелей эфирде байланыста. Нұрдәулет, тұрғындардың белсенділігі қалай?
Нұрдәулет Сыздық,тілші:
Жетісу облысында да жеті партия арасындағы саяси бәсекенің көрігі қыза түсті. Тұрғындар күнделікті қарбаласты ысырып, бір үйдің баласындай маңызды науқанға атсалысып жатыр. Әсіресе, жастардың қарасы қалың. Мен тұрған учаскеде 1600 адам өз таңдауын жасайды. Оның ішінде 21-і 18 жасқа толып, бүгін алғаш рет дауыс бермек. Ел ақсақалдары да саяси науқаннан шет қалмай, кейінгі буынға өнеге көрсетіп отыр. Мұнда ерекше қажеттілігі бар тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған. Талапқа сай қажетті құралдар мен арнайы компьютерлер орналастырылған. Мамандардың айтуынша, мұндай маңызды бәсекелер халықтың азаматтық белсенділігін арттырып, ел болашағына деген жауапкершілігін күшейте түседі.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАуыл тұрғындары белсенді дауыс беруде
23.08.2026, 18:00
EXIT РOLL өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр
23.08.2026, 18:00
Бельгияда 100-ге жуық отандасымыз дауыс береді
23.08.2026, 18:00
Түркі елдерінің байқаушылары сайлау барысын жоғары бағалады
23.08.2026, 18:00
Сайлау учаскелерінде барлық азаматқа тең жағдай жасалған
23.08.2026, 17:00
Сайлауға сән берген ерекше оқиғалар
23.08.2026, 17:00
Онлайн марафонға танымал спортшылар келді
23.08.2026, 17:00
Отандастарымыз дауыс беріп жатыр
23.08.2026, 17:00