Онлайн марафонға танымал спортшылар келді
Жалпыұлттық онлайн марафонда саяси-экономикалық, әлеуметтік мәселелер төңірегінде дискуссия жалғасып жатыр. Дәл қазір медиажоба алаңынан Жанел Нұрболатқызы тікелей қосылады. Жанел, марафонда қандай тақырып талқыланып жатыр?
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Таңғы тоғызда басталған бірегей медиажоба сегіз сағат қатарынан эфирде. Футболсүйер қауым, экранға жақынырақ жайғасыңыздар! Жаңа ғана алаңға футбол федерациясының мүшелері, танымал спортшылар шықты. Олардың қатарында Елдос Ахметов бар. «Қазақстан футболының жаңа дәуірі» тақырыбында дискуссия өтеді.
Былтыр 22 жастағы Темірлан Анарбековтің 120 минут бойы 7 метр қақпаны қорғағаны тарихта қалды. Шерхан Қалмұрзаның лиссабондық «Спортингпен» өткен ойынның жұлдызына айналғаны және бар. Қайраттың 4:1 есебімен жеңілгеніне қарамастан, 18 жастағы қақпашы португалдардың сүйіспеншілігіне бөленді. Талантты спортшылардың жұлдызы жарқыраған сайын қазақ футболының болашағына сенім артып келеді.
Бүгінгі дискуссияда тәжірибелі спортшылар әлемді мойындататын футбол клубтарын құрып, жеңіс тұғырынан көріну үшін Қазақстан не істеу керек? деген сауалға жауап іздейді. Баласын футболға бергісі кеп жүрген ата-аналар, сіздерді де тап қазір телемарафонды көруге шақырамыз. Сарапшылар құнды кеңес айтады. Құрметті көрермен, онлайн марафон түнгі он екі жарымға дейін болады. Трансляция 38 YouTube-арнада көрсетіліп жатыр. Оның ішінде 14 республикалық, 14 аймақтық телеарна және 10 ақпараттық портал бар.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАуыл тұрғындары белсенді дауыс беруде
23.08.2026, 18:00
EXIT РOLL өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр
23.08.2026, 18:00
Бельгияда 100-ге жуық отандасымыз дауыс береді
23.08.2026, 18:00
Түркі елдерінің байқаушылары сайлау барысын жоғары бағалады
23.08.2026, 18:00
Сайлау учаскелерінде барлық азаматқа тең жағдай жасалған
23.08.2026, 17:00
Сайлауға сән берген ерекше оқиғалар
23.08.2026, 17:00
Отандастарымыз дауыс беріп жатыр
23.08.2026, 17:00
Жетісулықтар да дауыс беруге лек-легімен келіп жатыр
23.08.2026, 17:00