Отандастарымыз дауыс беріп жатыр
Тұманды Альбионда уақытша тұратын отандастарымыз да сайлау учаскесіне барып, таңдау жасап жатыр. Лондон Астана уақытынан 4 сағат артта. Сондықтан Ұлыбритания астанасындағы саяси науқанның басталғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Біздің сол елдегі меншікті тілшіміз Марина Бекенова қазір бізбен байланыста. Марина, сіз эфирдесіз!
Марина Бекенова, тілші:
Қазір мен Лондон орталығындағы “Қазақстан үйі” ғимараттың алдындамын. Бүгін елшіліктегі №408-ші сайлау учаскесіне Ұлыбритания құрамына кіретін Англия, Уэльс, Шотландия және Солтүстік Ирландияда тұратын қазақстандықтар келіп, азаматтық борышын өтей алады. Елшілік таңғы 7-ден кешкі 8-де дейін жұмыс істейді. Дауыс беру процесінің ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында комиссия мүшелері тарапынан тиісті ұйымдастырушылық және қауіпсіздік шаралары қабылданған.
Данияр Ысқақов,№408 сайлау комиссиясының
төрағасы:
Жалпы Ұлыбритания бойынша 300-ден астам азаматтың дауыс беруі жоспарланып отыр. Бірақ нақты қанша адам келгенін сайлау аяқталғанда ғана айтуға болады. Белсенділік танытып жатқандардың басым көпшілігі студенттер қауымы.
Дильназ Ерболатова, «БОЛАШАҚ» стипендиясының
иегері:
Президенттің тапсырмасымен үкіметіміз халықтың жағдайын жақсарту үшін барын салуда. Жастар “Болашақ” бағдарламасының арқасында шетелдің озық оқу орындарында білім алып жатыр. Ел дамуына үлес қосып, сайлауға қатысуды бәріміздің азаматтық борышымыз деп білемін. Сондықтан бүгін дауыс беруге келдім.
Ұйымдастырушылар учаскені талапқа сай безендірген. Дауыс беру жәшігі мен кабинаны дайындап, ұлттық рәміздерді талапқа сай іліп қойған. Бұдан бөлек олар консулдық есептегі азаматтармен байланысып, сайлаушылар тізімін нақтылады. Саяси науқанға Ұлыбританияда тұрақты тұратын отандастарымыз ғана емес, осында туристік мақсатта немесе жақындарына қыдырып келген азаматтар да қатыса алады. Олардың есімдері белгіленген тәртіппен тізімге енгізіледі.
Автор
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғындары белсенді дауыс беруде
23.08.2026, 18:09
Өндірістік нысандар базасында 4 сайлау учаскесі бар
23.08.2026, 18:07
EXIT РOLL өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр
23.08.2026, 18:05
Бельгияда 100-ге жуық отандасымыз дауыс береді
23.08.2026, 18:00
Түркі елдерінің байқаушылары сайлау барысын жоғары бағалады
23.08.2026, 18:00
Сайлау учаскелерінде барлық азаматқа тең жағдай жасалған
23.08.2026, 17:00
Сайлауға сән берген ерекше оқиғалар
23.08.2026, 17:00
Онлайн марафонға танымал спортшылар келді
23.08.2026, 17:00