Сомалиде биыл 2 миллионнан астам адам аштықтан қайтыс болуы мүмкін
Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Марк Лоукок мәлімдеді. Оның есебінше, қуаңшылықтан мал қырылып, егістік алқаптары қурап қалғандықтан, күздің басында Сомали тұрғындарына 700 миллион доллар көмек қажет болады. Ал бүгінде ауызсуға, азық-түлікке небәрі 45 миллион доллар ғана жиналған.
Елдің 15 миллион тұрғынының 3 миллионы қазірдің өзінде аштыққа душар болып отыр. Олардың көбі жәрдем берілмесе, қырғынға ұшырайды деген қауіп күшейіп келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы келтірген өзге мәліметке қарағанда, Сомали соңғы 35 жылда болмаған үлкен қуаңшылыққа тап болған. Және де осындай жағдай Кения мен Эфиопияның бір бөлігінде де қалыптасып отыр.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әли Тұрғанбеков Пара жүзуден күміс жүлде иеленді
26.10.2026, 22:07
Өзара құрмет бар жерде сыйластықтың салмағы артады
26.10.2026, 21:33
Өскеменде ұлттық мерекеге орай Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді
26.10.2026, 21:20
Ұлттық бірегейлік – ұрпақ тәрбиесінің негізі
26.10.2026, 20:55
Шымкентте Республика күніне орай Мемлекеттік ту 100 метр биіктіктегі тұғырға көтерілді
26.10.2026, 20:32
Жетісу облысының тұрғындары Республика күнін кең көлемде атап өтті
26.10.2026, 20:32
«Абай Quiz» ойынында 100 команда сайысқа түсті
26.10.2026, 20:18
Тараз вокзалы пайдалануға берілді
26.10.2026, 20:18