Президент Владимир Зеленский Михаил Саакашвилиге Украина азаматтығын қайтарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Владимир Зеленский Михаил Саакашвилиге Украина азаматтығын қайтарды

29.05.2019

Бұл туралы қаулы мемлекет жетекшісінің сайтында сейсенбі күні жарияланды. Грузияның бұрынғы басшысы оған алғыс айтты. «Украинаны сағындым, Киевке сәрсенбі күні ұшамын», - деп жазды Саакашвили «Фейсбуктегі» парақшасында. Тағы бір сөзінде ол ешқандай лауазымға ұмтылмайтынын атап өткен.

Саакашвили Украина азаматтығын 2015 жылы алып, Одесса облысының губернаторлығына тағайындалды. Алайда, ол көп кешікпей Петр Порошенконы сынап, коррупция үшін айыптауға кірісті.

Порошенко, Саакашвилиді 2017 жылы Польшада жүргенде, азаматтығынан айырды. Оны қайтару туралы хатты, грузиялық саясаткер Зеленскийге мамырдың 22-де жазған.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу