Ресей Донецк пен Луганск тұрғындарына паспорт таратпақ
Ресей Украинадағы өздерін Донецк және Луганск халық республикалары деп жариялаған аудандардың тұрғындарына төлқұжат таратуға әзірленіп жатыр. «Коммерсант» газетінің хабарлауынша, бұл туралы қаулыға президент Владимир Путин Украинада сайлау өткен соң қол қоймақ. Ал, РБК-ның мәліметінше, жаңа құжатты алу үшін ДХР мен ЛХР тұрғындарына осы «республикалардың» бірінің паспортын иелену және Украина паспортынан бас тарту талабы қойылмақ.
2019 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша, ДХР-да 2 миллион 280 мың, ЛХР-да 1 миллион 450 мың адам тұрады. Дегенмен, Украинаның шығысындағы сепаратистік аудандардың тәуелсіздігін Біріккен Ұлттар Ұйымындағы бірде-бір мемлекет мойындаған жоқ.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04