WikiLeaks сайтының негізін қалаған Джулиан Ассанж тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WikiLeaks сайтының негізін қалаған Джулиан Ассанж тұтқындалды

12.04.2019

АҚШ үкіметі атышулы «Викиликс» сайтының негізін қалаған Джулиан Ассанжға компьютерлерге заңсыз кіру мақсатында астыртын әрекеттерге барды деген айып тақты. Айта кетсек, 47 жастағы Ассанж бейсенбі күні Эквадордың Лондондағы елшілігінде тұтқындалды. Бұл дипломатиялық миссияда ол жеті жылдай жасырынды. Алайда, жақында Эквадордың жаңа президенті Ленин Морено оған әрі қарай баспана беруден бас тартты. Сонымен қатар, осы елдің ресми өкілдері Ассанжды Мореноның жеке өмірі туралы мәліметтерді көпке жариялады деп айыптап отыр.

Ассанждың сайты 2010 жылы АҚШ-тың Ирак пен Ауғанстандағы соғыстары туралы құпия құжаттар мен дипломатиялық пошта деректерін таратты. Содан бері Вашингтон оны экстрадициялауды талап етіп келеді. Дегенмен, президент Дональд Трамп Ассанж жайлы ештеңе білмейтінін мәлімдеген.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу