Ливияда әскери жанжал күшейіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливияда әскери жанжал күшейіп барады

08.04.2019

Соңғы мәліметке қарағанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған үкімет армиясы мемлекет астанасы Триполиді жаулап алуға аттанған Халифа Хафтар күштеріне қарсы «Ыза жанартауы» деген операция жариялады. Бұл соғыста Хафтардың жақтастары 14 содыр жоғалтса, үкімет тарапынан 21 адам мерт болған. Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Хафтар күштері Триполидің оңтүстігіне жетіп, бір әуежайды алған. Үкімет бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Біріккен Ұлттар Ұйымы бейбіт халықты эвакуациялау үшін тараптарды екі сағаттық ымыраға шақырды. Бірақ одан қарулы жанжал тоқтаған жоқ. Ал, АҚШ Ливиядағы шағын контингентін әкетіп жатыр.

Ливияда 2011 жылы Муаммар Каддафи режимі құлағаннан кейін билікке талас басталды. Сол жанжалға қатысқан қарулы топтардың бір бөлігі халықаралық қауымдастық мойындаған әкімшіліктің, өзгелері шығысты бақылауға алған Хафтар жағына шықты.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу