Украинада комедиялық актер президент болудан үмітті
Украина президенттік сайлауға әзірленіп жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, саясатта мүлде тәжірибесі жоқ комедиялық актер Владимир Зеленский рейтинг бойынша оппозиция лидері Юлия Тимошенко мен елдің қазіргі басшысы Петр Порошенконың алдына шыққан. Мұны жақында жүргізілген бірнеше сауалнама қорытындысы көрсетіп берді. Осылайша, 41 жастағы актер сайлаудың екінші турына өтуі мүмкін.
2014 жылғы Майданнан кейін билікке келген Украинаның жаңа үкіметі коррупция мен кедейшілікті жеңе алмады деп жиі сынға ұшырап отыр. Ал, Зеленский президент болса жемқорлықты жойып, мемлекет басшысын, депутаттарды, соттарды заңмен қудалаудан қорғайтын иммунитеттен айыруға уәде берді. Бұл мемлекетте президенттік сайлау жексенбі күні өтеді.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04