Еуропа Одағы сағат тілін жылжытудан бас тартты
Еуропа Одағы жазғы уақытқа міндетті түрде көшуден бас тартты. Бұл туралы құжатты Еуропарламенттің 410 депутаты қолдап дауыс берсе, 192-і оған қарсылық білдірген. Демек, 2021 жылы сәуірден бастап аймақтың әрбір елі сағат тілін көктемде бір сағат алға жылжыту немесе күзде артқа қою мәселесін өзі шешеді.
Осы парламенттегі Ирландия өкілі Шон Келли сауалнама қорытындыларына сүйеніп мәлімдегендей, еуропалықтардың 84 пайызы сағат тілін маусымдық жылжытуға қарсы. Одақ мемлекеттері уақытты жылжыту тәжірибесіне 2001 жылы ішкі нарықтың жұмысын жақсартып, электр энергиясына шығынды азайту мақсатында көшті. Алайда, шын мәнінде пайда шамалы болып шықты. Ал, ғылыми зерттеулерге қарағанда, уақыттың ауысуы адамдардың денсаулығына жағымсыз әсер етеді.
Арыстан РЫСБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы