Израиль әуе күштері бүгін таңертең Газа секторындағы содырлардың позицияларын бомбалады. Осылайша, тараптар арасындағы қақтығыс екінші күнге ұласып отыр. Айта кету керек, «Хамас» пен Израиль дүйсенбі күні Мысырдың арағайындығымен ымыра жариялаған-ды. Бірақ, шекарадағы атыс одан тоқтамады. Мазасыз аймақтағы жаңа жанжал дүйсенбі күні хамастықтардың зымырандық шабуылынан Израильдің жеті жауынгері жараланғанда басталған. Израильдің кек алу операциясы барысында қарулы топ жағынан бес содыр зардап шекті.
Ал, АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні Голан жотасын Израильдің аумағы деп танитын қаулыға қол қойды. Вашингтонда өткен рәсімге премьер-министр Биньямин Нетаньяху да қатысты.
Израиль Голан жотасын 1967 жылғы Таяу Шығыс соғысында басып алды. Ресми Дамаск Трамптың бұл шешімін Сирияның территориялық тұтастығына жасалған «дөрекі шабуыл» деп атап, Голанды қайтаруға құқығы бар екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, Трамптың әрекетін Еуропа одағы, Ресей, Мысыр, Палестина автономиясы, Араб лигасы да қатаң сынап, мәлімде жасады.
Арыстан РЫСБЕК