Индонезияда цунами құрбандарының саны 280-нен асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда цунами құрбандарының саны 280-нен асты

24.12.2018

Соңғы мәліметтерге сай, Индонезияға соққы берген цунами құрбандарының саны 281-ге жетті. Жараланғандардың да көбейіп, 1016-ға жеткен. Тағы 57 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Жүздеген үйге зақым келді. Әзірге, Зонд бұғазы жағалауына жақын маңдағы елді мекендердің ойнарын шығарған цунамидің неліктен көтерілгені белгісіз. Дегенмен, құтқарушылардың сөзінше, табиғи апатқа Анак-Кракатау жанартауының атқылауы себеп болуы мүмкін. Бұл вулкан әлі де белсенділік танытып жатыр. 

Индонезияда жақындап келе жатқан цунамиді ерте ескерту жүйесі ескіргендіктен, жөнді жұмыс істемейді. Сол себепті, табиғи апаттың болатынын  адамдарға уақытынан бұрын хабарлау мүмкін болмаған. Мамандар болса, алдағы уақытта Суматра аралына цунами қайтадан соққы беруі мүмкін екенін ескертіп отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу