Индонезияда цунами құрбандарының саны 220-дан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда цунами құрбандарының саны 220-дан асты

24.12.2018

Соңғы мәліметтерге сай, Индонезияда өткен жексенбінің түніне қарағанда болған цунами құрбандарының саны 222-ге жетті. 843 адам жараланып, 30 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Жүздеген баспанаға зақым келді. Құтқарушылардың сөзінше, теңіз толқындарының көтерілуіне Анак-Кракатау жанартауының атқылауынан кейін жүрген сел себеп болса керек. Тағы бір мәліметтерге сай, Индонезияда жақындап келе жатқан цунамиді ерте ескерту жүйесі ескіргендіктен, жөнді жұмыс істемейді. Сол себепті, табиғи апаттың болатынын адамдарға уақытынан бұрын хабарлау мүмкін болмаған. Мамандар болса, алдағы уақытта Суматра аралында цунами қайтадан соққы беруі мүмкін екенін ескертті.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу