Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй билікте қалатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй билікте қалатын болды

13.12.2018

Оған парламенттегі партияластары - консерваторлар сенім вотумын берді. Соңғы деректерге қарағанда, Мэйдің лидер болып қалуын 200 депутат қолдап, 117-сі қарсы шыққан.

Корольдіктің үкімет басшысы өзін қолдағандарға алғысын білдіріп, қарсы дауыс бергендердің сынын ескеретінін мәлім етті. Дегенмен, бірқатар сарапшылардың ойынша, Мэйді билікте қалдыру мәселесін дауысқа салу оның абыройын түсірді. Сондықтан, министрлер кабинетінің жетекшісі бәрібір отставкаға кетуі керек.

Естеріңізге салсақ, Тереза Мэйдің Британияны Еуропа Одағынан шығару туралы келісім жобасы үлкен сынға ұшырап отыр. Себебі, оған сәйкес, екі жақ айырылысса да, Ұлыбритания аумағында Еуроодақтың кедендік ережелері өз күшін сақтап қалмақ.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу