Мэй «Брекситті» кейінге қалдыруды сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мэй «Брекситті» кейінге қалдыруды сұрады

05.04.2019

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй елді Еуропа одағынан шығару мерзімін маусымның 30-на дейін созуды сұрады. Үкімет басшысының бұл туралы хаты осыдан бірер сағат бұрын жарияланды. Онда Мэй парламентке «брексит» туралы ортақ келісім жасау үшін уақыт қажеттігін жазған. Премьердің сөзінше, мұндай құжат корольдікке одақтан ережесіз кетпеу үшін қажет.

Ұлыбритания бұл еуропалық блокпен сәуірдің 12-де ажырасуы керек. Алайда, тараптардың болашақ қатынастары туралы пәтуа әлі дайын емес. Британ парламенті екі Ирландияның шекарасы туралы баптармен келіспей отыр. Сондықтан, Мэй ұсынған «брексит» туралы келісім жобасы қауымдар палатасынан үш рет өтпей қалды.

Джереми Хант, Ұлыбритания сыртқы істер министрі:

Иә,  анығын айтсақ, шығу мерзімін созу тиімді емес. Бірақ, бізде Еуропа одағынан кету туралы жоспар бар. Референдум нәтижесі соған міндеттейді. Бұл мақсатымыз алдағы екі айда орындалады деп үміттенеміз. Амбициямыз сондай. Парламентте басымдыққа ие емеспіз. Сондықтан, оппозиция лидері Джереми Корбинмен бұл проблеманы талқылауға тиіспіз.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу