Британ премьер-министрі Тереза Мэй Ресейді қатаң сынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Британ премьер-министрі Тереза Мэй Ресейді қатаң сынады

14.11.2017

Британ премьер-министрі Тереза Мэй Лондонда өткен банкетте Ресейді қатаң сынады. Оның сөзінше, Мәскеу өзге елдердің сайлауларына араласып, компьютерлік немесе кибершпионажбен айналысып отыр. Сондағы мақсаты – жалған ақпарат таратып, Батыс қоғамдарының ортасына жік салу.

Айта кету керек, Мэйдің бұл мәлімдемесі АҚШ президентінің пікіріне қарама-қайшы. Дональд Трамп жақында ресейлік әріптесі Владимир Путиннің «Америкада 2016 жылы өткен сайлауға араласқан жоқпыз» деген сөзіне сенетінін айтқан еді. Дегенмен, Тереза Мэйдің ойынша, Ұлыбритания қайтадан Ресеймен мәңгі-бақи тайталасқа түсуді қалап отырған жоқ.

Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-министрі:

- Ресей Еуропа елдерінің әуе кеңістігін бірнеше рет бұзды және кибер шпионажға барып отыр. Сонымен қатар, ол басқа елдердегі сайлауларға араласып қана қоймай, Дания қорғаныс министрлігі мен Бундестагтың компьютерлеріне хакерлік шабуыл жасады. Мұның бәріне қарсы шара қолданамыз. Алайда, біз «қырғи-қабақ» соғысқа қайта оралып, Ресеймен мәңгі-бақи тайталасқа түсуді қаламаймыз.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу