Брексит үшінші рет дауысқа салынбайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брексит үшінші рет дауысқа салынбайды

19.03.2019

Мұны Біріккен Корольдік парламенті қауымдар палатасының спикері Джон Беркоу мәлімдеді. Айта кетсек, Брюссельмен келісілген бұл құжатты депутаттар қаңтарда және наурыздың 12-де мақұлдамай, премьер-министр Тереза Мэй үкіметіне қайтарды.

Ұлыбритания, Еуропа Одағымен наурыздың 29-ында ажырасуы керек. Алайда, екі Ирландия шекарасының болашағы айқындалмағандықтан, Брексит жобасын қауымдар палатасы қабылдамай отыр. Сондықтан Мэй елді одақтан шығару мерзімін маусымның 30-на дейін ұзартуды сұрамақ.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу