Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания Премьер-Министрі Тереза Мэйді елімізге сапармен келуге шақырды

04.09.2016
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания Премьер-Министрі Тереза Мэйді елімізге сапармен келуге шақырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында Ұлыбритания Премьер-Министрі Тереза Мэймен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев пен Тереза Мэй елдер арасындағы екіжақты өзара қарым-қатынас мәселелерін талқылады, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Д.Кэмеронның Премьер-Министр болған кезінде өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілгенін атап өтіп, Т.Мэйді елімізге сапармен келуге шақырды.

akorda.kz

Хабарламаларға жазылу