«Жалған түрме» жайында естуіңіз бар ма?
Әдетте, сотталғандар түрмеден қашудың жолдарын қарастырады. Ал, Оңтүстік Кореяда керісінше, кейбіреулер өз еріктерімен темір тордың арғы жағына отыруға қарсы емес. Дегенмен, олар шын емес, жалған түрмелер.
Тіптен, мұнда 24 сағатқа қамалу үшін 90 доллар төлеу керек. 2013 жылы ашылған бостандықты шектейтін орынға осы уақытқа дейін 2 мыңнан астам барған екен. Олардың көбі - жұмыстан, күнделікті күйбең тірліктен қажып, өздеріне қол салуға жақын қалған жандар.
«Жалған түрмеге» барып, олар өздерінің кәдімгідей тынығып, бастарын түрлі ойлардан тазартып, жаңа ынтамен өмір сүре бастағандарын айтады. Оңтүстіккореялықтар былтыр 2 мың 24 сағат жұмыс істеген екен.
Ал, үкімет 2017 жылы шілдеде жұмыс уақытын 68-ден 52 сағатқа дейін қысқартты. Алайда, тұрғындардың сөзінше, бұл реформаның пайдасы аз. Тағы бір санаққа қарасақ, өткен жылы бәсекесі жоғары корей қоғамында 12 мыңнан астам адам өзіне-өзі қол салған.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы