АҚШ-тың Қаржы министрлігі Сауд Арабиясының 17 азаматына санкция жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Қаржы министрлігі Сауд Арабиясының 17 азаматына санкция жариялады

16.11.2018

Вашингтон шектеуге іліккен тұлғаларды журналист Джамаль Хашоггидің өліміне қатысы бар деп есептейді. Санкцияға алынғандар тізімінде Стамбулдағы Сауд Арабиясының бас консулы, сонымен бірге, тақ мұрагері ханзада Мұхамед бен Салман әc-Саудтың кеңесшісі бар. Оларға Құрама Штаттардың қаржы жүйесіне жол жабылып, активтері бұғатталды. Санкциялар адам құқықтарының бұзылуы мен коррупция үшін айыпталған тұлғаларға қатысты «Магнитский актісі» аясында енгізіліп отыр.  Ал, осыдан бірер сағат бұрын Корольдік Хашоггидің өліміне айыпты деп танылған 11 адамның бесеуі өлім жазасына кесілетінін мәлімдеген еді.

Саудиялық журналист Джамаль Хашогги қазанның басында Корольдіктің Ыстанбұлдағы консулдығында өлтірілді. Марқұмның қазасын Саудия билігі тек 18 күн өткеннен кейін ғана растады.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу