Басты Жаңалықтар Украинаның Херсон қаласында қоғам белсендісі Катерина Гандзюкті жерлеу рәсімі өтті

Украинаның Херсон қаласында қоғам белсендісі Катерина Гандзюкті жерлеу рәсімі өтті

Шілдеде қышқылмен жасалған шабуыл кезінде марқұмның денесінің 40 пайызын күйік шалған еді. Сол уақыттан бері Гандзюкке 11 операция жасалып, алайда, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болған жоқ. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға тума-туыстары, достары, әріптестері, Херсон қаласының мэрі барған. Полиция қоғам белсендісіне қарсы шабуыл жасаған адамды, оның сыбайластарын, ұйымдастырушыларды анықтады. Ал, Украина президенті Петр Порошенко бұл істің толық тергелуін талап етіп отыр. Айта кетсек, қаза тапқан Катерина Гандзюк коррупцияға қарсы тергеу жүргізіп, полиция мен шенеуніктерді, ресейлік сепаратистерді жиі сынап келген еді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу