Камерунда қаруланған адамдар кепілге алған 78 оқушы аман-есен босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Камерунда қаруланған адамдар кепілге алған 78 оқушы аман-есен босатылды

07.11.2018

Олармен бірге автобус жүргізушісі де жіберілген. Бұл туралы шабуылшылармен келіссөз жүргізген дін қызметкері мәлімдеді. Дегенмен, қылмыскерлер мектеп директоры мен бір мұғалімді әлі кепілде ұстап отыр. Олардың неліктен мұндай әрекетке барғаны, қандай талап қойғандары немесе оқушыларды қалай босатқаны белгісіз.

Билік балалардың ұрлануына «Амбазонияның қорғаныс күштері» атты сепаратистік топты айыптап отыр. Бұл ұйым елдің ағылшын тілінде сөйлейтін аудандарының француз тілді аймақтарынан бөлінуін көздейді. Айта кетсек, камерундықтардың 80 пайызы французша, 20 пайызы ағылшынша сөйлейді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ   

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу