АҚШ-та 50 штаттың 35-де аралық сайлау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та 50 штаттың 35-де аралық сайлау басталды

06.11.2018

АҚШ-тың 50 штатының 35-де аралық сайлау басталды. Тағы 15-де дауыс беру бөлімшелері бірнеше сағаттан кейін ашылады. «CNN» телекомпаниясы жүргізген сауалнама қорытындысына қарағанда, демократтарды халықтың 55, республикалықтарды 42 пайызы қолдауға әзір.

Америкалықтар Конгрестің өкілдер палатасының барлық 435 депутатын қайта таңдайды. Сонымен қатар, олар 100 сенатордың 35-ін жаңадан сайлап жатыр.

Бұған дейін екі палата да республикалықтардың қолында болды. Енді төменгі палата демократтарға өтеді деген болжам бар. Мұндай жағдайда президент Дональд Трамптың жоспарлары мен бастамаларын Конгресстен өткізу қиындамақ. Сондай-ақ, демократтар басымдыққа ие болып, Ақ үй басшысына қарсы импичмент жариялап, оны биліктен кетіру мәселесін күн тәртібіне шығаруы мүмкін. Сонымен қатар, Конгресс Трамптың оппоненттеріне өтетін болса, Ресейге қарсы санкциялар тіпті күшеюі ғажап емес.

 

Арыстан РЫСБЕК     

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу