АҚШ-та аралық сайлау: Дауыс санау әлі жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та аралық сайлау: Дауыс санау әлі жүріп жатыр

12.11.2022

АҚШ тағы аралық сайлау қорытындысы әлі шықпай жатыр. Себебі, дауыс санау процесі әлі аяқталмады. Десе де, алдын ала қорытынды бойынша Конгрестің өкілдер палатасын қай партия бақылайтыны анықталып қалған секілді. 

Жалғас Сәдібекұлы, журналист:

Сонымен арада толық екі күн өтсе де, көптеген штатта дауыс санау процесі әлі жүріп жатыр. Себебі, 46 миллионнан астам американдық алдын ала және пошта арқылы дауыс берген. Ал оны толық санап шығу үшін бірнеше күн керек. Оның үстіне АҚШ-та сайлау өткізу бойынша ортақ тәртіп жоқ. Әр штаттың өз заңы бар. Мұның өзі де дауыс санау процесіне әсер етеді. Десе де қазірдің өзінде Конгрестің Өкілдер палатасындағы 435 орынның 197-ін демократтар алса, 211-і мандат республикалық партия өкілдеріне бұйырды. Енді 27 орын қай саяси бірлестікке бұйырғаны анықталады. Дегенмен, қазіргі мәліметтердің өзі төменгі палата республикашылдардың бақылауына өтетінін аңғартады, дейді сарапшылар.

Эшли Кирзингер, Қоғамдық пікірді зерттеу және сауалнама ұйымының сарапшысы:

2022 жылғы аралық сайлаудың өтуіне қазіргі көп мәселенің әсер еткенін мойындау маңызды. Ол Трамптың көп кандидаттарды қолдауы, түрлі үміткерлердің бәсекеге түсуін атап өту керек. Әрине, әйелдер белсенділігі байқалды, өйткені олар үшін аса маңызды шешім қабылданбақшы. Әрбір он әйелдің үшеуі сайлауға түсік жасатуға шектеу қойылған соң қатысқанын айтқан.

Ендігі басты сұрақ: Сенат қай партияға бұйырады? Соңғы мәліметтер бойынша, демократтар 48, ал республикашылдар 49 орынды иеленді. Қазір екі штат: Нивада мен Аризонада дауыстар саналып жатыр. Алайда, алдын ала болжамға қарағанда бірнішісі республикашылдардың, екіншісі демоктардың еншісіне бұйыратын секілді. Сондықтан негізгі шешуші рөлді қайтадан Джорджия штаты ойнайуы мүмкін. Екі жыл бұрын да солай болған еді. Себебі, штатының ішкі заңы басқалалардан өзгерек. Елу пайыздан көп дауыс жинаған кандитат ғана жеңімпаз деп танылады. Бұл жолы екі үміткер де межеден аса алмады. Сондықтан аталған штатта желтоқсанның алтысы күні екінші тур өтпек. Яғни, Конгрестің жоғарғы палатасын қай партия бақылауына алатыны бір айдан кейін ғана білгілі болуы мүмкін. 


Хабарламаларға жазылу