АҚШ-та Конгреске аралық сайлау аяқталуға жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та Конгреске аралық сайлау аяқталуға жақын

09.11.2022

АҚШ-та Конгреске аралық сайлау аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта 48 штаттың тұрғындары өз таңдауларын жасап үлгеріп, дауыс санау процесі басталып кетті. Бірақ, кейбір өңірде уақыт айырмашылығына байланысты дауыс беру енді аяқталады.

Астана уақытымен кешкі сегізге дейін бүкіл ел бойынша дауыстар саналып бітуі тиіс. Алайда екінші тур өтуі мүмкін кейбір штаттарда сайлау қорытындысы бір айдан соң белгілі болмақ. Жалпы демократтар мен республикашылдар Сенаттағы 35 және Өкілдер палатасындағы барлық 435 орынға таласты.

Сондай-ақ 40-қа жуық штаттың губернаторын таңдады. Сайлаушылар дауыс беру учаскелерінде электронды немесе дәстүрлі бюллетен арқылы өз таңдауларын жасады. Дегенмен АҚШ сайлау жобасының деректеріне сәйкес 46 миллионнан астам американдықтар алдын ала және пошта арқылы дауыс беріп үлгерген.   

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу