АҚШ-та үш сайлау учаскесі жұмыс істейді
АҚШ-та уақыт айырмашылығына байланысты сайлау енді басталды. Екі қалада яғни, ел астанасы Вашингтон мен қазақтар көп шоғырланған Нью-Иоркте сайлау учаскелері ашылды. Сан Франсиско қаласында орналасқан үшінші учаске Астана уақытымен кешкі 20:00-де жұмысын бастайды. Себебі, 13 сағат айырмашылығы бар. Соған сай әлем бойынша ең соңғы болып АҚШ-тағы учаскелер жабылады. Жалпы ұзын саны төрт жүздей адам дауыс беруі мүмкін. Айта кетейік, шетелде дауыс берудің өзіндік ерекшелігі бар. Бюллетендерде Мәжіліске сайлауға түсіп жатқан партиялардың ғана тізімі болады. Яғни, төменгі палатаға өз-өзін ұсынғандар мен мәслихат депутаттығына үміткерлер қосылмайды. Демек, шетте жүрген қазақтар саяси бірлестіктер арасынан таңдау жасай алады.
Жалғас Сәдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан оқушылары Балқан олимпиадасында топ жарды
08.05.2026, 17:25
Саз бен сөздің саңлағы Ілия Жақанов 90 жаста
08.05.2026, 17:22
Шымкентте «Даңқ» мемориалы мен бірнеше ескерткіштің аумағы тазартылды
08.05.2026, 17:19
Астанада «Анаға тағзым» аллеясы ашылды
08.05.2026, 17:18
Кезекте тұрған тұрғындарға жаңа баспана берілді
08.05.2026, 17:16
Ұлттық ұланның салтанатты шеруі өтті
08.05.2026, 17:14
Отан қорғаушы күні: Сахнадағы рух, елдегі сенім
08.05.2026, 17:12
Ақмола облысы Родина ауылында жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 17:08