АҚШ пен Түркия әскерилері Сирияның солтүстігін бірге күзететін болды
Түркия мен АҚШ сарбаздары Сирияның солтүстігіндегі Манбидж қаласы аймағында бірлесе патруль жүргізуге кірісті. Бұл шараның мақсаты - НАТО-дағы екі одақтастың қатынастарын жақсарту және түрік жауынгерлері мен АҚШ қолдаған күрд жасақтарының қақтығысуына жол бермеу.
2016 жылы күрдтер Манбиджді «ДАИШ» тобынан босатып, онда өздері орналасқан-ды. Алайда, Вашингтон мен Анкара жасаған келісімге сәйкес, олар бұл шаһардан түрік армиясымен жанжалдаспай кетуі керек.
Өзге бір мәліметке қарағанда, АҚШ-пен арадағы ортақ патрульдің басталуына қарамастан, Түркия Евфрат өзенінің қарама-қарсы бетіндегі күрд отрядтарына қарсы операция жариялап, оларды жер жастандыратынын ескертіп отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы