Әлемде Google компаниясының мыңдаған қызметкері жарты күн бойы жұмысқа шыққан жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде Google компаниясының мыңдаған қызметкері жарты күн бойы жұмысқа шыққан жоқ

02.11.2018

Наразылық акциялары компанияның Азия, Еуропа және Солтүстік Америкадағы кеңселерінде өткен. Демонстранттар жұмыс орындарындағы нәсілшілдік, сексизм және қызметін асыра пайдалануға қарсы шықты. Калифорнияда қолдарына «Жұмысшылар құқығы - әйелдердің құқығы» деп жазылған баннерлер ұстаған шерушілер сот ғимаратына дейін барған.

Google қызметкерлерінің демонстрацияға шығуына «Нью-Йорк Таймста» жарияланған мақала себепші. Оған жүгінсек, осы корпорацияда 2014 жылы жұмыс істеп, кейін сексуалдық жәбір көрсеткені үшін қызметтен аластатылған Энди Рубинге 90 млн. доллар төленген. «Жағымсыз әрекетке» барған адамға осынша ақшаның берілуі компания персоналының ашуына тиіп отыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу