2020 жылғы Олимпиада кезінде Токио метросы жолаушыларды тасымалдап үлгермеуі мүмкін
Ұқыптылығымен, тиімділігімен әлемге әйгілі Токио метросын алда үлкен сынақ күтіп тұр. Өйткені, 2020 жылғы Олимпиада кезінде оның пойыздарына әдеттегіден 300 пайызға артық жұмыс істеуге тура келеді. Болжамдарға қарағанда, Жазғы ойындар барысында Жапония астанасында адамдар саны 600 мыңға көбейеді. Қазір Токиода күн сайын қоғамдық көлікпен 20 миллионға жуық адам қатынайды екен. Сол себепті, метро жүйесіне артық салмақ түспек. Оны жеңілдету үшін кейбір компаниялар өз қызметкерлерінің жұмыс уақытын өзгертіп жатыр. Ресми мәлметтерге қарағанда, сондай кәсіпорындар саны бүгінде 840-қа жеткен.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы