Стамбулдың жаңа әуежайынан алғаш рет коммерциялық рейс аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбулдың жаңа әуежайынан алғаш рет коммерциялық рейс аттанды

31.10.2018

Стамбулдың жаңа әуежайынан алғаш рет коммерциялық ұшақ рейсі сапарға аттанды. Оны екі күн бұрын президент Режеп Тайып Ердоған ашқан еді. «Түркиш Эйрлайнның» 340 жолаушы мінген «Боингі» Анкараның «Эсенбога» әуежайына сәтті қонған.

Құрылысына 11,7 миллиард доллар жұмсалған «Стамбул» әуежайы толықтай жұмыс істеуге көшкенде жылына 90 миллион жолаушыға қызмет көрсетеді.

Қарашада айында бұл авиациялық кешен ішкі рейстерді орындауға кірісіп, шетелге сапарын Әзірбайжан мен Солтүстік Кипрден бастайды. Ал, «Ататүрік» әуежайы «Стамбул» әуежайы іске қосылғаннан кейін коммерциялық рейстер үшін жабылып, авиациялық жәрмеңкелер үшін ғана пайдаланылмақ.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу