Индонезияда құлаған ұшақтың су астында жатқан жері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда құлаған ұшақтың су астында жатқан жері анықталды

31.10.2018

Индонезияда құлаған ұшақтың су астында жатқан жері анықталған тәрізді. Елдің қарулы күштерінің жетекшісі Хади Тьяджанто осылай деп мәлімдеді. «Боингтің» басты корпусы іздеу операциясы кезінде 32 метр тереңдіктен табылған. Бұған қоса, ультрадыбыстық детекторлар қара жәшіктерден шыққан белгіні де анықтаса керек. Мұны растау үшін су астына дайверлер жіберілді.

Ұшақта болған адамдардың туыстары лайнердің корпусы табылғанын естігеннен кейін бір «ғажапқа» сеніп отыр. Олар жақындарымен аман-есен қауышудан үмітті. Ұша бастағанына екі ай болған жаңа «Боинг» дүйсенбіде Джакарта әуежайынан көкке көтерілгеннен кейін 13 минуттан соң апатқа ұшырады.

«Лайн Эйр» әуе компаниясына тиесілі лайнер бортында барлығы 189 адам болған. Құтқарушылар ешкімнің тірі қалмағанын мәлімдеп отыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу