Йеменде 550 мың адам көмекке зәру - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Йеменде 550 мың адам көмекке зәру

30.10.2018

Йеменнің Ходейда кентін 550 мың тұрғын тастап кеткен. Өйткені, адамдар портты қаладағы соғыстан әбден қажыған. Үш жылдан астам уақыт бойы мұнда Саудия бастаған араб елдерінің коалициясы көтерілісші шиит-хуситтерге қарсы күрес жүргізіп жатыр.

Соның салдарынан үйсіз қалған тұрғындар жан бағу үшін күнде күресуге мәжбүр. Қазір олар ішкі босқындарға арналған лагерлерде тұрып жатыр. Бірақ, тамақ тапшы. Олардың ұн, күріш, қантсыз жүргендеріне біраз уақыт өткен. Ал, дәрі-дәрмек болмағандықтан, түрлі аурулар тарап жатыр. Босқындарға үкіметтен, халықаралық гуманитарлық ұйымдардан көмек жетпегелі жарты жылдай болыпты.

Соңғы мәліметтерге сай, қазір 14 миллион йемендікке немесе халықтың тең жартысына аштық қаупі төніп тұр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу