АҚШ-та демократиялық партия өкілдеріне шабуыл жасалды. Барак Обама, Хиллари Клинтон, Ұлттық демократиялық кабинеттің бұрынғы басшысы Дебби Вассерман-Шульц, ЦРУ-дың бұрынғы басшысы Джон Бреннан мен «CNN» комментаторларының бірінің үйлеріндегі пошта жәшігіне жарылғыш зат салынған сәлемдеме жіберілген. Осындай қауіпті хаттар 5 адамға жеткен екен. Кейбіреуіне бомбамен қоса, ақ ұнтақ салынған. Олардың барлығында сәлемдемені жіберуші ретінде жоғарыда аталған Дебби Вассерман-Шульцтің есімі көрсетілген. Нью-Йорк полициясы бұл оқиғаны «террористік акт» деп мәлімдеді. Ал, АҚШ президенті Дональд Трамп дәл қазір бірлікте болудың маңызды екенін және АҚШ-та саяси зорлық-зомбылық қаупіне жол берілмейтінін мәлімдеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.