Сауд Арабиясының астанасы әр-Риядта Әлемдік инвестициялық саммит ашылды. Дегенмен, жыл сайын өтетін жиынға биыл халықаралық бойкот жарияланған еді. Корольдік экономикасына инвестиция тартуға бағытталған басқосуға қатысудан бас тартқандар қатарында үлкен инвестициялық компаниялар, саясаттағы ірі тұлғалар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, технологиялық компаниялар мен банктердің жетекшілері бар. Олардың мұндай шешім қабылдауына саудиялық журналист Джамаль Хашоггидің өлімі себепші.
Марқұм Корольдіктің Түркиядағы консулдығына кіргеннен кейін қайта шықпаған. Саудия билігі оның жұдырықтасып төбелесуден қаза тапқанын мәлімдеді. Ал, Түркия болса, журналистің азапталып, өлтірілгеніне дәлел бар дейді. Бүгін президент Режеп Тайып Ердоған осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасамақ.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.