Каталонияда тәуелсіздік референдумының бір жылдығына қатысты өткен шеру соңы тәртіпсіздіктерге ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каталонияда тәуелсіздік референдумының бір жылдығына қатысты өткен шеру соңы тәртіпсіздіктерге ұласты

02.10.2018
Каталонияда тәуелсіздік референдумының бір жылдығына қатысты өткен шеру соңы тәртіпсіздіктерге ұласты

Испанияның автономиялық ауданы Каталонияда тәуелсіздік референдумының бір жылдығына қатысты өткен шеру соңы тәртіпсіздіктерге ұласты. Барселонада аймақтық парламент пен испан полициясы штаб-пәтері жанына жиналған демонстранттарды полиция күшпен таратты. Тәртіп сақшылары шерушілерге резеңке оқ атып, таяқпен ұрған. Ал, шерушілер қолдарына Каталонияның бейресми жалауын ұстап, «Қазанның бірі, кешірілмейді де, ұмытылмайды да» деп ұрандатты. Жалпы, бір жыл бұрын өткен тәуелсіздік референдумын еске алуға Барселонада 180 мыңдай адам қатысқан. Олар жолдарды және пойыз рельстерін жаппақ болған. Айта кетсек, былтыр қазанның 1-де өткен плебисцитті Испания соты заңсыз деп жариялап, Каталонияға тікелей басқару енгізді. Әлеуметтік сауалнамаға қарасақ, автономиялық провинцияның корольдіктен бөлінуін жақтайтындар мен оған қарсылардың саны қазір тең түсіп отыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу