Мексикада құлаған ұшақ жолаушылары аман қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада құлаған ұшақ жолаушылары аман қалды

01.08.2018

Мексикада әуежайдан көкке көтеріле бергенде құлаған ұшақта болған адамдардың барлығы аман-есен. Оқиға орнынан хабарлаған журналистердің мәліметінше, адамдар лайнер салонынан өздігінен шыққан. «Эмбрайер» бортында 97 жолаушы, экипаждың төрт  мүшесі болған. Олардың барлығы жеңіл-желпі жараланып, 49-ы ауруханада ем алып жатыр. Ұшақ Дуранго қаласынан ел астанасы Мехикоға ұшпақ болған. Алайда, күшті желдің әсерінен әуе көлігі күрт төменге ылдилап, жерге сол қанатымен құлап, нәтижесінде оның екі қозғалтқышы түсіп қалған. Жолаушылар бірнеше минут ішінде ұшақтан түгелдей шыққаннан кейін лайнер өртке оранды. Қазір әуежайда әуе компаниясы қызметкерлері құлаған ұшақта болған жолаушылардың тума-туыстарына қолдау көрсетіп, жәрдем беріп жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу