Мексикада жанартау атқылай бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада жанартау атқылай бастады

26.05.2023

Мексикада алып жанартау оянып, аспанға от пен күл шаша бастады. Бұл – елдегі ең белсенді вулкандардың бірі. Жақын маңдағы елдімекендерде үйлер мен көліктер қалың тозаңның астында қалды. Бірнеше қалада мектептер жабылған. Мемлекет астанасы Мехикода Бенито Хуарес халықаралық әуежайы 5 сағатқа жұмысын тоқтатып, бірнеше ұшақ рейсі кейінге шегерілген.

Жанартау Мехикодан 72 шақырым жерде орналасқан. Егер ол қатты атқылауын әлі де жалғастыратын болса 22 миллиондай адамға қауіп төндіруі мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу