Микронезияда суға құлаған ұшақ жолаушылары дін аман - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Микронезияда суға құлаған ұшақ жолаушылары дін аман

28.09.2018

Оңтүстік Тынық мұхиттағы шағын мемлекет - Микронезияда суға құлаған ұшақ жолаушылары түгелдей аман қалды. Лайнер қонар кезде жолақтан кенеттен шығып кетіп, суға барып күпм берген.

Ол әуежайдан 150 метрден алыстап, мұхитқа кіргеннен кейін тоқтады. Ал, оның бортындағы 47 адам шағын қайықтармен жағаға шығарылған. Жолаушылардың ешқайсысы да жараланған жоқ. Олар медициналық тексерістен өтті. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ      

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу