Филиппин теңізіне АҚШ теңізшілерінің ұшағы құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филиппин теңізіне АҚШ теңізшілерінің ұшағы құлады

22.11.2017

АҚШ-тың әскери-теңіз күштеріне тиесілі ұшақ Жапонияның оңтүстігіндегі Филиппин теңізіне құлап, 3 адам жоғалып кетті. Әуе көлігінде барлығы 11 адам болған. Олардың сегізі аман-есен құтқарылды. Бұл туралы Жапонияның «NHK» телеарнасы хабарлады.

Осы елдің Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, апатқа ұшақ қозғалтқышындағы ақау себеп болуы мүмкін. Ұшақ АҚШ-тың «Рональд Рейган» кемесіне бара жатқанда құлаған. Қазір Тынық мұхитта бірнеше әскери кеме іздеу-құтқару операциясын жүргізіп жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу