Калифорнияда бір тәулікте 2 әскери ұшақ апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Калифорнияда бір тәулікте 2 әскери ұшақ апатқа ұшырады

06.06.2014
Калифорнияда бір тәулікте 2 әскери ұшақ апатқа ұшырады
АҚШ-тың Калифорния штатында бір тәулік ішінде екі бірдей әскери ұшақ апатқа ұшырады. Құрама штаттар әуе-теңіз күштерінің жойғышы әуетасығыштың палубасына қонар кезде Тынық мұхитына құлап, батып кеткен.
 
Пилот дер кезінде секіріп кетіп, аман қалды. Әзірге, ұшақ  апатына себеп болған жайт белгісіз.
 
Ал, бұл оқиғадан бірнеше сағат бұрын тағы бір жойғыш Мексикамен шекарадағы Империал қаласындағы тұрғын үйлерге құлаған. Кемінде екі баспана өртке оранды. Абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ. 
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу