Испания сақшылары теңізден 70 мигрантты құтқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испания сақшылары теңізден 70 мигрантты құтқарды

05.07.2018

Олардың 12-і – балалар. Босқындар Гибралтар бұғазында үш қайықтан кемеге мінгізілген.

Мигранттардың 62-і – суб-сахаралық Африкадан, сегізі – Мароккодан.

Дегенмен, бұл көш азайып келеді. Мәселен, 2015 жылы Еуропаға Жерорта теңізі арқылы миллионнан астам адам қашып барған-ды. Биыл осы жолмен «Қарт құрлыққа» 45 мыңға жуық мигрант қана жеткен.

Айта кетсек, Италия мен Мальта өз аумағына кіргізбегендіктен, босқындарды қазір Испания қабылдап жатыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу