Италиялық жағалау күзеті теңізден 70-ке жуық сириялық мигрантты құтқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италиялық жағалау күзеті теңізден 70-ке жуық сириялық мигрантты құтқарды

10.02.2016
Италиялық жағалау күзеті  теңізден 70-ке жуық сириялық мигрантты құтқарды
Италиялық жағалау күзеті теңізден резеңке қайыққа мінген 70-ке жуық сириялық мигрантты құтқарды. Операция Грекияның Самос аралына жақын жерде жүргізілген.

Құтқарылғандардың дені әйелдер мен балалар. Олардың барлығы Самос портына жеткізілген.

Миграция жөніндегі халықаралық ұйым деректеріне сай, биылғы жылдың басынан бері Еуропа жағалауына су арқылы 76 мыңдай мигрант жеткен.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу