Атлант мұхитында 153 мигрант құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атлант мұхитында 153 мигрант құтқарылды

03.01.2024

Испанияның жағалау күзеті Атлант мұхитында 153 мигрантты құтқарды. Жалпы алғанда, Канар аралдары маңында жаңа жылдың алғашқы екі күнінде жүздеген шетелдік құтқарылған. Осылайша, биыл да Африкадан Еуропаға жақсы тұрмыс іздеп аттанғандар көп болатын тәрізді.

Испания ішкі істер министрлігінің дерегінше, 2022 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда, былтыр Батыс Африкадан Канарға барған мигранттар саны 140 пайызға өсіп, 37 мыңнан асып кеткен. Олар Пиреней түбегіндегі корольдікке осал қайықтармен аттанып, кейде қауіпті жағдайларға тап болады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу