Ливияның жағалау күзеті теңізден 299 африкалық мигрантты құтқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливияның жағалау күзеті теңізден 299 африкалық мигрантты құтқарды

01.11.2017

Триполидің шығысынан шыққан босқындар екі үрмелі қайыққа мінген. Олардың 15-і - бала, 25-і - әйел. Бұл топ Триполи портына қайтарылып, уақытша ұстау орталығына орналастырылды.

Ливияның батыс жағалауы кедейшіліктен, қарулы қақтығыстардан қажыған африкалық мигранттардың Еуропаға баратын басты жолына айналған. Халықаралық көші-қон ұйымының дерегінше, жыл басынан бері бұл жолда 18 мыңдай босқын кері қайтарылып, 111 мыңдайы Италияға жеткен.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу