Теңіз сақшылары Атлант мұхитында 52 мигрантты құтқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңіз сақшылары Атлант мұхитында 52 мигрантты құтқарды

30.12.2019

Испанияның теңіз сақшылары Атлант мұхитында 52 мигрантты құтқарды. Олардың барлығы – африкалықтар. Босқындар Гран Канар аралдарына жеткізілді. 

Қызыл Крест ұйымының мәлімдеуінше, құтқарылғандар – ер адамдар және жасөспірімдер.

Жыл сайын Африка мен Таяу Шығыс елдерінен бастарын қауіпке тігіп Еуропаға сан мың адам аттанады. Биылдың өзінде Испанияға осы жолмен 24800-ге жуық заңсыз мигрант барған. Олардың көпшілігі «Қарт құрлықты» бетке ұстап, қайықпен жолға шығып, өз өмірлеріне қатер төндіреді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу