Канар аралдарынан 181 мигрант құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канар аралдарынан 181 мигрант құтқарылды

06.02.2023

Испанияның жағалау күзеті теңізден 181 мигрантты құтқарды. Олар 4 қайықтан табылған. Құтқарушылар мигранттарды елдің Аргинегин және Лансароте порттарына орналастырды. Солтүстік Африкадан жыл сайын қауіпті теңіз жолы арқылы жақсы өмір іздеп Еуропаға мыңдаған адам барады. Былтыр Канар аралдарына 15 мың 600-ден астам мигрант барған екен.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу