Бүгін - суретші Аманат Назарқұлдың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - суретші Аманат Назарқұлдың туған күні

28.06.2016
Бүгін - суретші  Аманат Назарқұлдың туған күні

Бүгін - Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні

28 маусым, сейсенбі, 2016 жыл

1 жыл бұрын (2015) Оралда Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлиге ескерткіш қойылып, ұлы ақынның атымен аталатын жаңа мәдениет және өнер орталығы ашылды.

2 жыл бұрын (2014) Астанада «Қазақстан-2050» жалпы ұлттық қозғалыстың І форумы өтті.

3 жыл бұрын (2013) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті елдің ЖОО-лары арасында алғаш боп ҚХА кафедрасын ашты.

6 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

6 жыл бұрын (2010) Ақтөбе өңіріндегі бірегей индустриалды-инновациялық жоба - «Ақтөберентген» акционерлік қоғамы «Дженерал электрик» компаниясымен бірлесе шығарған алғашқы қазақстандық компьютерлік томографтың тұсаукесері өткізілді.

11 жыл бұрын (2005) Өскеменде «АгромашХолдинг» АҚ сервистік орталығының ашылу рәсімі өтті.

14 жыл бұрын (2002) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының Лениногор қаласының атауын Риддер деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды.

21 жыл бұрын (1995) ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Мұнай туралы» Заң күші бар Жарлығы шықты.

57 жыл бұрын (1959) танымал суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Аманат НАЗАРҚҰЛ дүниеге келді.

59 жыл бұрын (1957) «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Болат ЖӘМІШЕВ дүниеге келді.

61 жыл бұрын (1955) техника ғылымдарының кандидаты, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, ҚР спортының құрметті қайраткері Арғын НЫҒМАТУЛИН дүниеге келді.

77 жыл бұрын (1939) медицина ғылымдарының докторы, профессор Қожантай ҚАСЕНОВ дүниеге келді.

82 жыл бұрын (1934) Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік тұқымдық инспекция құрылды.

90 жыл бұрын (1926-1994) гидротехника мамандығын меңгерген алғашқы қазақ әйелдерінің бірі, техника ғылымдарының кандидаты Бибі ЖАМАНМҰРЫНОВА дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу